Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 08. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Мемлекеттік қызметтің 87 % электронды түрде көрсетіледі


Мемлекеттік қызмет ұлттың айнасы. Қоғамның бет-бедерін түзер алаңда дәл осы ортамен тікелей байланысты. Кемел келешектің ірге тасын қалаудағы орны ерекше органның жұмысы оңтайланған. Бұл туралы ашық диалогтық кездесуде айқындалды.
Алматы облысының аумағында 780 мемлекеттік орган қызмет атқаруда. Облыстың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 7760 бірлікті құрайды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс көлемінде ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша жалпы 323 мемлекеттік қызметші тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлованың айтуынша, ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тарту мақсатында ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерге «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу және 1500 АЕК мөлшерінде тұрғын үйге бюджеттік кредит беру түрінде қолдау көрсетіледі.
«Департамент тұрақты негізде әлеуметтік желілерге, ақпараттық және жаңалықтар порталдарына Облыстың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз жарияланымдарға мониторинг жүргізеді, сол арқылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен кері байланыс орнатады. Мониторинг қорытындысы бойынша, облыстың мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне қатысты 2020 жылы теріс сипаттағы 37 материал анықталды, оның 16-сы расталды, қорытындысы бойынша барлығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деді Ләззат Бейсеқұлова.
Сонымен қатар, басшы қазір мемлекеттік қызметшілерге рұқсат етілген сыйлықтың шегі заңмен алынып тасталғанын атап өтті. Мемлекеттік қызметшіге және оның отбасы мүшелеріне келіп түскен барлық сыйлықтар, тіпті олар білмей келіп түскен сыйлықтарды қоса алғанда, күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекетке берілуге тиіс.
«Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты сыйлықтар алуға заңнамада тыйым салынған. Сонымен қатар, Азаматтық кодексте құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге рұқсат етілмеген»,-дейді департамент басшысы.
Бүгінде Президент тапсырмасын іске асыру аясында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Алматы облысында қызмет көрсетушілермен 386 Мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық қызметтердің үлесі шамамен 87% — ды құрайды.
Аталған департамент, бұдан өзге «Egov жаршысы», «Сервистік әкімдік» әкімдік сынды ірі жобаларды жүзеге асырған. Айт кетейік, аталған бастама республика бойынша алғаш рет қолға алынған болатын. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің әлеуетін арттыру үшін 2018 жылы Жетісу университетімен екі жақты меморандумға қол қойылған еді. Нәтижесінде «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебі жұмыс жасап келеді.
Орын алып жатқан оң өзгерістерге қарамастан, кызметтерге сұраныстың жыл сайын артуымен оларды көрсету сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз етудің өзектілігі сақталуда.
Өкінішке орай, 2020 жылы Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету саласында 48 тексеру іс-шарасы жүргізіліп, 55 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov