Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 14. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Еңбекшілік Ернат ерледі

Қазақ жігіттері қай замандарда да сөзіне шаң жұқпаған шешендігімен, алдына жан шықпаған көсемдігімен, мың жауға жалғыз шабар батырлығымен, мың дауға шешім табар ақылдығымен танылып, өзгелердің үлгі тұтар тұлғаларына да айналды. Оған қытай, орыс, моңғол, грек қолжазбаларында кездесетін деректер дәлел бола алады. Көбіне «Олар ат құлағында ойнаған шабандоздар, дұшпандарынан қаймықпайтын қаһармандар, ағаш-темірден түйін түйетін шеберлер, сөйлеп тұрғандарының өзі ән айтқандай әсерге түсіретін өнерлі де еңбекқор азаматтар» деген мәліметтерді табуға болады.

Баһадүр бабаларының ізін басуға балалары лайықты ма? Міне осы сауалға жауап іздеген аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығы «Жігіт сұлтаны -2017» байқауын жариялады.
Еңбекші және Жанама ауылдық округтерінің әкімдері А.Тоқтабаев пен Т.Байзақовтың және қос елді мекеннің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушыларының ұйытқы болуымен өткен доданың басты мақсаты Ұлы дала елін ұлылыққа жетелеген Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын дәріптеу, насихаттау болды.

Шараның ашылу салтанында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Сүлейменов, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі А.Арнай, Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ.Сағымбеков бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналған Мемлекет басшысының мақаласы жайлы ой қозғап, шапқалы келген саңлақтарға сәттілік тіледі.

Таныстыру, сұрақ-жауап, өз өнерін және спортқа деген ептілігін көрсету сынды сынақтардан сүрінбей өткен серілер барларын салып, нағыз қазақ жігітінің қандай болу керектігінің жарқын үлгісін паш етті.
Байқаудың қорытындысы бойынша АГТК білімгері Даулетбай Мұхаметбай үшінші, ынталылық Жеңісхан Бадырай екінші орынның мінберіне көтерілді. «Әке тұрып ұл сөйлесе ержеткені болар» демекші аламан бәйгенің алдын бермеген 18 жастағы еңбекшілік Ернат Құдайберген «Жігіттің сұлтаны» атағын жеңіп алды.
Жарыс жүлдегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.


АЛМАТ ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov