Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 09. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Бала қауіпсіздігін сақтау — баршаға ортақ міндет

«Бала тәрбиесі — мемлекеттің негізгі міндеті». Ежелгі грек философы Платонның қанатты сөзі ҚР «Бала құқығын қорғау туралы» Заңның 24-бабында айқын көрсетілген. Бас құжатта «ата-ана немесе басқа да заңды өкілдер баланың жан-жақты дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын жасауға, баланы дұрыс тәрбиелеуге, оны күтіп бағуды жүзеге асыруға міндетті»,-деп жазылған.


Қазіргі кезде ұрпақтың келешегінің кемел болуы үшін тек білім-ғылыммен айналысуына жағдай жасап қана қоймай, олардың жеке бас қауіпсіздігі басты назарға алынған.
Соның айқын дәлелі, Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды жүргізуі.
Жыл басынан бері, департаментке балаларға қатысты 72 оқиға тіркелген, оның 45-і әлеуметтік желі арқылы келіп түскен. Департамент тарапынан 27 оқиға анықталып, шешімін тапқан болатын. Бұл өз кезегінде бала құқығын қорғаудағы атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы екенін атап өткен жөн.
«Өздеріңізге белгілі, 2020 жылдан бастап өңірлердегі Министрліктің білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне балалардың құқықтарын қорғау функциясын үйлестіру жұмысы жүктелген. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл А. Саинның бастамасымен Министрліктің 2021ж. 02.04. №142 бұйрығына сәйкес барлық өңірдегі Департаменттер базасында Баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі мониторингтік топ құрылып, өз жұмыстарын бастайды».-дейді Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Айымгүл Құлахметова.
Мемлекет тарапынан балдырғандарға бөлінетін көңіл жібі әсте үзілер емес. Күні ертең болатын, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Білім және ғылым министрлігінде 20 мамыр — 20 маусым аралығында 8 бағыт бойынша «Бақытты бала — бақытты ел» республикалық науқаны аясында іс-шаралар онлайн форматта жалғасын тауып жатыр. Сондай-ақ, жыл сайын балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі.
Бүгінгі таңда 1-10 маусым аралығында балалар мен жасөспірімдер арасында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жанрындағы «Тәуелсіздік ұрпағы» үздік арт-объект онлайн халықаралық сурет байқауы жарияланды.
Айта кетейік, облыс көлемінде, мереке күндері «Құлыншақ» балалар анталогиясының тұсауы кесіліп, облысымыздағы барлық кітапханалар мен музейлерде «Бала — өмір мәні» тақырыбында экскурсиялар мен танымдық сағаттар ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, мәдениет үйлері ғимаратының LED экрандарында бейне-клиптер мен балалар әндерінің көрсетілімдерін ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov