Талдықорғанда мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Осы саланың үздік қызметкерлері Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Іс-шараға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлова және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
«Адамдардың өмір сүру деңгейі мен жалпыұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасына байланысты. Covid-19 пандемиясы жағдайында да мемлекеттік қызметшілерге халықтың тыныс– тіршілігінің барлық салаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктелді», — деп атап өтті Ләззат Бейсеқұлова және өз әріптестеріне алғысын білдірді.
Өңір әкімінің құттықтаулары да осы кәсіп өкілдеріне жеткізілді. Осылайша, адал қызметі және лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз орындағаны үшін Құрмет грамотасын облыстың әр аудан- қалаларында еңбек ететін мемлекеттік қызметшілерге табысталды. Марапатталғандардың бірі Жұлдыз Әліпова:
– Бұл салада жүргеніме 11 жыл болды. Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі әкімдігінің бас маманы болып жұмыс істеймін. Мемлекеттік қызмет мен үшін таңдау ғана емес – бұл менің болашағым. Бұл сіздің кішкентай туған ауылыңызға пайдаңды тигізуге үлкен мүмкіндік. Бүгін біздің еңбегіміз назардан тыс қалмағаны үшін алғысымды білдіргім келеді, — деді ол.
Іс-шара барысында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов пен Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Сырым Дінбаев «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен марапатталды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста мемлекеттік қызмет саласында 7069 адам жұмыс істейді. Олардың 49% -ы ер адамдар, 51% — ы әйелдер.
Іс-шара мерекелік концертке ұласты.