Жетісудың бас шаһары әлі де қызыл аймақта

Алматы облысында соңғы екі аптада коронавирус жұқтырудың 487 дерегі тіркелген. Өңірде вирустың өсу қарқыны 0,2% — дан 0,1% — ға дейін төмендеді. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды.
Өткен аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш — 0,2% (5ж.), Жамбыл — 0,2% (20ж.), Қаратал — 0,3% (18ж.), аудандарында байқалған.
« Бір тәулік ішінде КВИ-дің 37 жағдайы тіркелді, оның жетеуі 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 2 жағдай анықталды.
Облыс өңірлері арасында Ақсу ауданында-2, Балхаш ауданында-3, Енбекшіқазақ-3, Ескелді-1, Жамбыл–3, Іле-3, Қарасай-3, Қаратал-2, Сарқан-1, Талғар–2, Ұйғыр-1, жағдайдан, Талдықорған қаласында – 8, Текеліде -5 жағдайдан тіркелген»- деді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.

Бүгінгі күні Алматы облысының тұрғындары арасында вакцинация жүргізілуде.
Облысқа барлығы 379 475 доза вакцина келіп түскен, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 307 975 Гам-Ковид-вак және 4000 Qaz-вак және 28 000 CoronaVac. 2 компоненттен 288 030 доза вакцина келді, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 216 530 Гам-Ковид-вак, 4000Qaz-вак және 28 000 CoronaVac.
Бірінші компонентпен 304 741 адам егілді, екпенің екінші бөлігін 189 341 тұрғын қабылдады.
Айта кетейік, халықтың санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақтауын бақылау мақсатында Алматы облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанынан 268 мониторингтік топ құрылған еді
Ағымдағы жылдың басынан мониторингтік топтар 19 000-нан астам рейд жүргізіп,109 мыңнан астам нысанды қамтыды, 1031 карантиндік режимді бұзу фактісі анықталып, 568 нысанға 66 миллион 350 мың теңгеден астам соммаға әкімшілік жазалар қолданылды.

Мәліметпен бөлісу: