Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізудің қажеттігін атап өткен болатын. Сайлау қоғамды демократияландырудың маңызды институты, халықтың ерік білдіруінің көрінісі, оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысанының бірі болып табылады. Ауылдық округ әкімі тек сайланып қана қоймай, оны сайлаған қауымдастықтың алдында бақылауда болатыны белгілі.
Округ әкімдерін сайлау ауыл тұрғындары үшін таңдаудың ең тиімді жолы екені күмәнсіз. Алғаш рет өтіп отырған бұл Сайлау халық үшін өте маңызды болды. Барлық ауыл тұрғынының күтетін өзгерісі, жаңалығы көп. Келер күннен тек жақсылық күтуде. Президентіміздің бұқара мен билік арасын жақындатып, ауылымыздың ертеңін өз қолымызға тапсырғаны өте жөн деп санаймын.
Аудан бойынша 8 округ әкімдігіне 25 үміткер бақтарын сынап, оған 15 мыңға жуық сайлаушылар қатысып, белсенділіктерін танытты.
Ауыл басшысы халықты бірлікке бастап, ел тыныштығын қамтамасыз етіп, қоғамдық келісімді нығайтып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеріп, ел экономикасын арттырады деп сенемін.
О.Мухаметкалиев,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы.