Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның І компонентінен 560 655 дозасы келіп түсті. Оның 541 158-і қолданылып, 19 497 доза вакцина қалды.
II компоненттен 516 996 доза келіп, оның 359 639-ы қолданылып, 157 357 доза вакцина қалды.
Бірінші компонентпен 541 158 адам егілді, екіншісінен — 359 639. Вакцинацияланғандардың арасында — мемлекеттік қызметкерлер – 11 821, медицина қызметкерлері – 23 290, педагогтар – 37 968, БАҚ – 194, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 4028 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 418 548 адам вакцина алып үлгерді.