Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 05. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Заңнаманы сақтау – тәртіп кепілі

Әскер сапында тәртіп пен заңнамалардың сақталуын қадағалау – ел бүтіндігі мен тыныштығын кепілі.

Осы ретте«2017-2021 жылдары Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын және әскери және құқықтық тәртіпті нығайту бойынша алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында Үшарал гарнизонда орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелерде «Құмар ойындарды тоқтату» және «Әкімшілік құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік»акциялары өткізілуде.

Аталған шаралардың негізгі мақсаты әскери қызметшілердің ұсақ құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздікке төзімсіздік принципін қалыптастыру, құқықтық мәдениеттері мен саналарын жоғарлату және заңдылықты, құқықтық әрі әскери тәртіпті нығайту мен қылмыстарға жол бермеу болып табылады.

Құқық қорғау органдарының қатысуымен, 40398, 01852, 31767-Г әскери бөлімдері мен ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің, Үшарал қаласының Әскери лазареті және аудандық пайдалану бөлімінің әскери қызметшілерімен, олардың отбасы мүшелеріне әкімшілік заңнама талаптарын жеткізу бойынша кеңейтілген ақпараттық және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі мен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талаптары аясында  әскери қызметшілерге қатысты соттардың қаулылары, ішкі істер органдарын және әскери полиция органдарын жауаптылыққа тарту бойынша қолданылған шаралар жайлы ақпараттар берілді.

Сонымен қатар әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен, әйелдер кеңесімен кездесулер ұйымдастырылды. Қатардағы және сержант құрамындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің айлық жалақысы көлемінің төмендігін ескерсек, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу «отбасы бюджетіне» кері әсер етіп, ары қарай келеңсіз салдарға алып келуі мүмкіндігі жеткізілді.

Үшарал гарнизоны Әскери полиция бөлімінің жеке құрамы «Әкімшілік құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» акциясы толық әрі жан-жақты жүргізілді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде профилактикалық рөлін атқарды деп есептеуге болады.

А.БЕКСАПАРОВ,

Үшарал гарнизоны Әскери полиция бөлімінің анықтау және іздестіру бөлімшесінің аға офицер-анықтаушы, әділет майоры.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov