28 мыңнан астам науқас коронавирусты жеңіп шықты


Эпидахуал күн сайын өршуде. Алматы облысында бір тәулікте 350 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Талдықорған қалалық №2 емханасы директорының орынбасары Данияр Сматов мәлімдеді.
Осы уақытқа дейін, өңірде 35 523 жағдай зертханалық расталған. Оның 23 943-де ауру белгілері бар.
Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл — 2,1%, Балқаш — 1,2%, Ескелді — 1,5%, Қарасай — 1,6%, Қаратал — 1,2%, Кербұлақ — 1,8%, Сарқан — 1,8%, Кеген-1,8% аудандарында байқалған.
Бүгінде індеттің өсу қарқыны- 1,0% құрап отыр. Індет дендегенен бері әзірге ауруханадан 28 854 науқас шығарылған. 19 адам үйде оқшауланудан босатылған.
Спикердің айтуынша, коронавирустан қайтыс болып жатқан адамдардың көпшілігі – екпе алмағандар екен.
«Вирусқа қарсы екпе аурудан 100 пайыз қорғамауы мүмкін. Бірақ, екпе салдырған адамдар коронавирус жұқтырса да, жеңіл ауырады, бірен-сараны ғана орташа ауыр жағдайға түсуі ықтимал. Сондықтан Қазақстанда бар вакциналарды салдыруға сіздерді шақырамын. Популистік ұрандарға сенбеңіздер. Халық арасында ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет»,-деп қорытындылады Данияр Оралханұлы.

Мәліметпен бөлісу: