Сарқан ауданында 2085 ұстаз екпе алды


Алматы облысына қарасыт Сарқан ауданында 30 жалпы білім беретін мектеп, 11 балабақша, 2 колледж бен бір көмекші мектеп интернаты ұрпақты білім нәрімен сусындатып отыр.

Аудандағы барлық білім беру ұйымдарында 2282 педагог еңбек етеді. Олардың 2085-і бүгінгі таңда екпе алып үлгерді.
Тарқатар болсақ, аймақтағы орта білім беретін 30 мектепте 1807 мұғалім қызмет атқарады. Солардың 1741-і вакцина алғандар қатарында. Екпе алмаған мамандардың медициналық себептері бар. Мәселен, 12 адам соңғы 3 ай ішінде COVID-19 -бен ауырып сауықса, 51-нің тұрақты медициналық көрсетілімі бар, ал 3 қызметкерге вацина салдыруға уақытша шектеу қойылған.
Балғындармен жұмыс жасайтын бөбекжайға келер болсақ, өңірдегі 11 балабақшада 253 мұғалім қамтылған. Олардың 249-ы вакцина салдырды. 4 адам денсаулық жағдайына байланысты екпе алудан босатылған.
Аудандағы қос колледжде 146 жан ұстаздық етуде. Соның ішінде 124-і екпе алған. Ал вакцина салдырмаған 22 даманың 3-еуі соңғы үш айда коронавируспен ауырып жазылып шыққандар. Тұрақты медициналық көрсетілімі бар пелагог саны -18, бір мұғалімге уақытша шектеу қойылған.

Сондай-ақ, мектеп интернатындағы 76 пелагогтың 71-і екпе салдырды. Екпе алмағандар саны-5. 1-еуі коронавируспен ауырып шықса, 3 адамның медициналық қарсы көрсеткіштері бар. 1 ұстаздың вакцина алуына уақытша қарсы көрсетілімі бар екені анықталып отыр.

Мәліметпен бөлісу: