Nur Otan партиясы облытық филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Карантин талаптарына байланысты өңір басшысы А.Абдинов бастаған аудан делегаттары аталған жиынға онлайн форматта қатысты.
Атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарлар легін бекітетін шарада облыс әкімі А.Баталов Саяси кеңестің екі жылдағы ауқымды жобларын тілге тиек етті. Сонымен қатар әр өңірде сайлауалды бағдарламада көзделген мақсат-міндеттерді орындау барысына баскөз болу күн тәртібіне түсер мәселе емес екендігін жеткізді.
Жарыссөзге шыққан облыстық мәслихат депутаты А.Сүлейменов, облыстық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қомалдық кеңесінің төрайымы Р.Салықова, Президенттік шәкіртақы иегері, «Көшбасшы – 2020» сыйлығының лауреаты М.Тұрдаш сөз алып, Саяси кеңес жұмысына оң бағаларын берді.
2019-2020 жылдары облыстық партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясы атқарған жұмыс жайында В.Сопожников баяндама оқып, негізгі дүниелерге тоқталып кетті.
Конференция жұмысының тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Саяси кеңес мүшелерінің өкілеттілік мерзімі аяқталуына байланысты жаңа мүшелерін сайлау бойынша облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаева баяндама жасады.
Артынша Саяси кеңес Бюросының жаңа құрамын «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Е.Ақболатов таныстырды.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі А.Баталов сайлауалды бағдарламадағы Жол картасына аса мән беріп, халық игілігі үшін атқарып жатқан жұмыс қарқынын ұлғайта түсу керектігін жеткізді.
Алмат ЕСЕНБЕКОВ,
Алакөл аудандық мәслихатының депутаты.