Ауыз су, газ, жол – көптің көңіліндегі сұрақтар


Күні кеше Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимаратында «Алматы облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасында инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Алматы облысы бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы, облыс аумағындағы елді мекендерді газбен, таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары талқыға түсті.

Шыны керек, ХХІ ғасырда халықтың тұрмысын ең қажетті деген сапалы жол, тұрақты газ, таза ауыз сусыз елестету де қиын. Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына ұмтыла отырып, бұқараның басты мәселелерін бір сәтке де естен шығармаған жөн. Себебі, мелекеттің басты байлығы халық, ал оның әлеуметтік жағдайына барынша көңіл бөлу ел дамуының басты принциптерінің қатарында.

Өткен жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасының арқасында атқарылған жұмыстар да ауқымды. Есепті жылда 15,3 млрд. теңгеге 42 жоба қолға алынған. Соның ішінде 330,3 шақырым жол жөндеуден өтіп, облыстағы жолдың «қанағаттанарлық» деңгейі 84 процентке жетті.

Бас партияның 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасында 1788,9 шақырым жол мен 16 көпірді ретке келтіру жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде жол сапасы жолдың сапа көрсеткіші 99,5 процентті құрамақ.

Ағымдағы жылы «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 16,3 млрд теңгеге 39 жоба жоспарда тұр. Бұның барлығы халықтың қалыпты тірлік кешуіне бағытталған ауқымды жұмыстар.

Бұдан бөлек аудандарға газ жеткізу және елді таза ауыз сумен қамту мәселесі де назарда.

Осы бастамалардың тиісті нормада және өз уақытында атқарылуына бас-көз болып, игілікті істердің толықтай орындалуын қадағалау біздің міндетіміз. Бұл жолда аянып қалмайтынымыз да рас.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ,

Алакөл аудандық мәслихатының депутаты.

Мәліметпен бөлісу: