Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 08. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Көксу ауданындағы 3 ауылдық округ толықтай екпе алды

Алматы облысына қарасты Көксу ауданында 25 840 КВИ зертханалық талдау жасалған. Жалпы аудандағы зертханада күніне 80 тұрғын коронавирусқа тест тапсыра алады. Осы күнге дейін 1233 тұрғынның індетке шалдыққаны зертханалық талдау нәтижелерінің арқасында анықталған.


Өңірде соңғы апталарда аурудың өсу қарқыны 0,2% -ға төмендегені байқалады. Алайда, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша аудан әлі күнге қызыл аймақта тұр.
Коронавирус аудандағы бөбектерді де айналып өтпеген, 14 жасқа дейінгі 162 бала індетке шалдыққан. Айта кету керек, бүлдіршіндерде ауру белгілері байқалмаған. Олардың барлығы үй жағдайында ем қабылдаған. Бүгінгі күні, Көксу ауданындағы 6 мектепте білім алушы 16 баладан коронавирус анықталған. Салдарынан, 314 оқушы карантинге жіберіліп, онлайн оқу форматына көшірілді. Сондай-ақ, 65 жастан жоғары тұрғындардың 241-і вирус жұқтырса, жүкті әйелдердің ішінде 84-і кеселге шалдыққан.
Аудан бойынша КВИ – ға қарсы вакцинация жүргізуге тартылған барлық егу пунктерінің саны-10, оның ішінде 2-еуі тоңазытқышпен қамтамасыз етілген, Сонымен қатар, 1 жылжымалы егу пункті бар. Мұнда күндігіне 16 доза вакцина беріліп отырады.
«Көксу ауданында 40 543 адам тұрады. Солардың ішінде 16 482-сі коронавирусқа қарсы екпе алды. Ол аудан халқының 40 пайызын құрайды. Ауданымызда үш түрлі вакцина дозасы бар. Ол «СпутникV», «QazVac», қытайлық «Vero Cell» вакцинасы»,-дейді аудандық орталық аурухананың меңгерушісі Салтанат Абдрахманова.
Көксу ауданының аумағында 10 ауылдық округ бар. Олардың 3-уі екпе салу бойынша жоспарды толық орындаған. Олар Жарлыөзек, Мұсабек, Айнабұлақ ауылдық округтері. Сонымен қатар, тағы да 3 ауылдық округ вакцинацияның жоспарын 90 пайызға орындап отыр.
«Ashyq» жобасының жұмысына тоқталар болсақ, ауданда 158 нысан аталған бағдарламаға қосылған. Жобаның негізінде осы уақытқа дейін 16 адамнан карантиндік режимді бұзғаны анықталған. Тарқатар болсақ, 10 тұрғынның «қызыл» мәртебеге ие екендігі, ал қалған алтауынан « сары» мәртбе анықталған.
« «Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 43755 теңге сомасына 1 айыппұл салынды. Сондай-ақ, «сары» мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантині шарттарын сақтау қажеттілігі туралы талаптары бар 6 қаулы берілді»,-дейді Көксу ауданы әкімінің орынбасары Жамбыл Бейсенбай.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov