Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 03. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Қарттарым-асыл қазынам!

Қариялар қашанда елдің ұйытқысы. Жөн сілтеп, жол көрсетер ардақтылардың мерекесі жыл сайын 1-қазан күні аталып өтіледі. Жыл да сән-салтанатымен өтетін атаулы күн биыл да ерекше сипатқа ие болған. Үстіміздегі жылы қарттар күні мерекесін өткізу үшін «Қарияларға қамқорлық, жақсылық пен мейірім» атты Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің Үндеуі жаряланды. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт мәлімдеді.
Мереке аясында барлық аудандар мен қалаларда комиссиялар құрылып, әрбір аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектердің әлеуметтік картасы ашылып, кімнің қандай мұқтаждығы бар екені анықталып, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету үшін акцияның шеңберінде аталған шараларды, облыс, аудан, қала ардагерлер ұйымдары басшылыққа алып, жергілікті әкімдіктерімен бірлесе отырып іс-шара жоспары жасалып бекітілген.
Негізі, Алматы облысында 240 мыңнан астам қария тұрады, олардың 10 пайызға жуығы әлеуметтік көмекке мұқтаж болып табылады.
Осыған орай, аз қамтылған қарияларға, еңбек ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі адамдарға азық-түлік себеті, арзандатылған дәрі-дәрмек, отын, құттықтау қағаздары таратылып, материалдық және моральдық көмек ұйымдастырылып, оларға мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарламалар ұсынылуда.
Сондай-ақ, 1-қазан — қарттар мерекесіне арналған облыстың оқушылары арасында «Ата – баба» дәстүрі ұрпаққа аманат бағдарламасын негізге ала отырып, «ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбы бойынша сыныптан тыс өтетін сабақтарда ардагерлер мен кездесу өткізіліп және «Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман саумысың?» атты шығармашылық байқаулар өтуде.
Бұдан бөлек, даналарымыздың денсаулығына да баса назар аударылуда. Олардың тегін медициналық ем қабылдауына шара шеңберінде мүмкіндік қарасытрылған.
«Бір ай бойы ауданның, қаланың медициналық емханаларында жалғыз басты және мұқтаж зейнеткерлерге тегін медициналық емдеулер ұйымдастырылады. Бұл жұмыстар кәзіргі таңда Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Алакөл, Сарқан, Ескелді т.б аудандарда басталып та кетті»,-дейді Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт.
Айта кетейік, қоғам қайраткерлері тұрған үйлерге ескерткіш тақталары орнату жалғасуда. Сондай-ақ, көшелердің бойына қазіргі таңда қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысып, жастарды ұлтжандылыққа және патриотизмге тәрбиелеп жүрген ардагерлерге баннерлер ілінуде.
«Халық арасында «Өткеніңе көз жүгіртпесең, болашақ саған назар аудармайды» деген ұлағатты сөз бар. Сондықтан, қарияларымызға қамқорлық жасау, сіз бен біздердің қасиетті борышымыз деп білеміз, әрі соңымыздан еріп келе жатқан жастарға ой салып, олардыңда алдарында қарттық күтіп тұрғанын естен шығармағандары — абзал деп ойлаймыз»,-деп қорытындылады спикер.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov