Биылғы жылы Алматы облысында 44 мектеп салынса, соның – 31-і «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде тұрғызылды. Оның оқушыларға орын жетіспеушілігі мәселесін шешуге тигізер ықпалы зор. Биылғы жаңа оқу жылының өзінде бірінші сыныпқа 46 мың бала барған. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингі барысында айтылды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы соңғы үш жылда Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 82 жобаны жүзеге асыруға 77,2 млрд. теңге бөлінген, соның 49 млрд. теңгесі – білім беру нысандарына бөлінді.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.