Облыста мемлекеттік-жекеменшік серіктестігін жандандыру нәтижесінде жыл соңына дейін балаларды балабақшамен қамту деңгейі 95 %-ке жетеді. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
— Мәселен, 2013 жылы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту көрсеткішісі небары 60 % құраса, соңғы үш жыл көлемінде 279 балабақша ашылған. Оның 88 % — жекеменшік. Ал биылғы жылы тағы 98 балабақша ашылса, жыл соңына дейін қамту деңгейі 95 %-ке жететін болады, — деді А. Баталов.
Облыстың білім саласына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тегігін қолданудағы тәжірибесі үлкен. «Енді біз мемлекет пен бизнес әріптестігінің басқа да формаларын қолдана бастадық. Біздегі 41 жобаның 8-і өткен жылы жүзеге асырылса, құны 9,6 млрд. теңгелік 9-ы биылғы жылдың соңына дейін межеленген», — деп атап өтті облыс әкімі.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.