Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 14. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Жастардың ертеңге сенімі мол

Күні кеше болған еліміздегі жайт барлығымызды дүрліктіргені рас. Бейбіт митинг деп басталған ереуілдің арты дауға ұласты. Еліміздің тыныштығын ұрлаған жағдай тарих беттерінде таңбасын қалдырғаны сөзсіз. Ең қынжылтатыны бейбіт көтеріліс кезінде террористік топ жастарымыздың ой-санасын улап, арандату мақсатында пайдаланғаны.

«Мен жастарға сенемін»,-деп ұрандатып жүрген бұқара қазіргі біраз жастардың ереуіл кезіндегі жантүршігерлік істерінен шошыды. Ереуілде террористік топтың айдауымен қолдарына суық қару ұстап, мородерілік әрекеттерге де барғанын көрдік. Елдегі көтерілген шуды пайдаланып кейбір жастар өз пайдасы үшін қымбат бағалы заттарды, оның ішінде соңғы шығарылымдағы смартфондар мен алтын бұйымдарға ұрлыққа түсті. Бірақ бұл іс заң жүзінде қолға алынары сөзсіз. Ұрлық түбі-қорлық екенін ұмытпаған жөн.

Осы ретте Президент Қ.Тоқаев Мәжіліс отырысындағы Үндеуінде жастар тәрбиесіне, олардың уақытын тиімді пайдалануға аса мән беру керектігін де тілге тиек етті.

Қоғам алдындағы басты мұрат – тәуелсіздік алып келген ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау. Олардың бойына патриоттықты сіңіріп, елін сүюге дәріптеу маңызды іс. Жастарға рухани құндылық, қуат пен сөнбес жалынды күш беріп, қазіргі таңда басты мүддеміз елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі екенін ұғындырып, өмірлік ұраны етіп бойға сіндіру.

Бір ұлтты бір арнаға ұйытып, халықты сүюге, ел үшін бар күш-жігерін жұмсайтын жас буындар тобын қалыптастыруға ұмтылайық. Болашақ біздің қолда, дегенмен сол қатарластарымды дұрыс жолға салып, шалыс басқан жерін түзеп отыру керек. Алдынғы арбаның дөңгелегі қалай жүреді, артындағысы да дәл сол жолмен ізін басады деген рас.

Елімнің бірлігін қашырған соңғы даудың шаңы басылып, көк аспаннан күн көрінер сәтке жеткізсін.

Мемлекет басшысының Үндеуінде көтерілген барлық келелі істер, кемел астамалар халық мүддесіне бағытталып, барыс жылында бағындырар белестеріміз молая берсін. Біз жастар президенттің қолға алған шараларын толықтай қолдай отырып, баянды болашақты қалыптастыруға өз үлесімізді қоса түспекпіз.

А.ЫБРАЕВ,

Халықаралық спортшылар одағының мүшесі, жас ерікті.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov