Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 08. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Рухани жаңғыруға үн қосу

Мен үшін ұстаздық – ұлықызмет. Олай дейтін себебім, ұлттың келешегі мен болашағын тәрбиелеп шығару – абыройлы міндет. Оны мойнымызға алғаннан кейін алдымыздағы әр шәкіртке ерекше ықыласпен қарап,зор ынтамен білім беруге тиіспіз. Бұл — ел келешегіне ұстаздар қауымының қосар үлесі деп санаймын.

Қазіргі уақытта өзектілігі артып тұрған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқи отырып, онда бүгініміз бен болашағымыз,кемел келешегіміз туралы айтылғанын түсіндім. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал, рухани өрлеу мен жаңғыру – дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін.Осы орайда жастарға сапалы білім берудің маңызы зор. Біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», — дейді ұлы Мұхтар Әуезов.Әрбір жасөспірім өз жерінің, ондағы байлықтың иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруді үйренуі тиіс. Егер қоғам дамуының кілті білімді жастардың қолында десек, сол жеткіншектердің болашағы ұстаздардың қолында. Сол себепті мұғалімдер қауымына қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіп, оқушылардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды еркін меңгеруіне күш салуымыз қажет.

Мемлекет басшысының алдыға қойған мақсатын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздардың үлесі –жас ұрпақты жаңа қоғамның мүшесі етіп тәрбиелеу болып табылады.

Менің шәкірттерім өмірдің сынақтарына байланысты үй жағдайында білімалатын жандар. Мен күнделікті оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге асығамын. Әр ұстаз өз шәкіртінің келешегіне жауапты екенін ұмытпайық, Елбасының алдыға қойған міндетін жүзеге асыруға өзіміздің үлесімізді қосайық.

Н.Махкамова, Ақжар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov