Алматы облысының тұрақтандыру қорында 1 330 мың тонна өнім бар

Алматы облысында бағаны тұрақтандыру жұмысы екі механизім бойынша іске асырылуда. Біріншісі, жеке инвестициялар есебінен шамамен 10 нүктеден тұратын сауда павильондары желісін салу болса, екінші бағыт бойынша, 12 ірі тауар өндірушілерге жылдық 0,01%-бен жеңілдетілген несиелер беру. Бұл шаралар өз кезегінде аймақтағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағамының шектен аспауына ықпал етпек.

Қазіргі таңда нарықтағы бағаның шарықтап кетпеуінің алдын алу үшін жеңілдікпен несие беруге 4,6 млрд. теңге қарастырылған. Бүгінде аталған қаржының 3 млрд. теңгесі игерілген. Игі бастаманың аясында Ақсу қант зауыты, «Көгер» және «Сарыбұлақ» құс фабрикасы, «Ләззат-2016» сүт зауыты, «Сардар» нан комбинаты және 8 сауда субъектісіне, оның ішінде Тоймарт желісі сияқты 12 ірі тауар өндірушілер жылдық 0,01%-бен жеңілдетілген несие алып үлгерді.
Аталмыш несие алушы кәсіпкерлік субъектілерінің қорында 4 800 тонна өнім бар. Олар- картоп, сәбіз, пияз, ұн сынды әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер болып табылады. Осы орайда, тәулігіне жарты миллионға жуық жұмыртқа, 15000-нан астам нан өнімдерімен қамтамасыз ететін наубайханалар мен құс фабрикаларының қосымша көмек көрсетіп отырғанын атап өткен ләзім.
Айта кетейік, алдағы таңда 8 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызды өнімді өндіру үшін жалпы құны 1,6 млрд.теңге қосымша несие тағы бөлінетін болады. Соның нәтижесінде әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдердің 16 түрі бойынша қор қалыптастырылмақ.
Бағаның күрт көтерілуінің алдын алу үшін «Магнум», «Смолл» және «Тоймарт» сынды ірі сауда желілерінде күнделікті мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар, аудан орталықтарында да тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі Әлеуметтік тауарлар бағасының өсуі тіркелген жағдайда тұрақтандыру қорынан және тауар өндірушілерден жеткізуді ұйымдастыру бойынша жедел шаралар қабылданады.
«Біз аудандармен тығыз байланыстамыз. Әлеуметтік маңызды азық-түлік қажеттілігі бойынша соңғы 7 күнде корпорацияға облыстың 15 ауданынан және 2 қаласынан 1 500 тонна өнім жеткізуге өтінімдер келіп түсті, оның ішінде 428 тонна облыстың 8 ауданына жөнелтілді. Әлеуметтік қалыпты нан пісіру үшін «АзияАгроФуд» АҚ ұн тарту комбинатымен ұнды наубайханаларға жөнелту бойынша, келісі үшін 130 теңге бағамен 1 000 тонна көлемінде келісімге қол жеткізілді»,-дейді «Жетісу «ӘКК» ӨДИ» АҚ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің директоры Бахтияр Сембеков.

Бүгінгі таңда бюджеттен 5,7 млрд теңге, оның ішінде тұрақтандыру қорына тауарлар сатып алуға 1,1 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы күнге тұрақтандыру қорында 385 млн. теңге сомасына 1 330 тонна көлемінде қор бар. Облыс бойынша қажетті азық-түлік қоры 2-3 айға, ал кейбір тауарлар бойынша 6-8 айға азық-түлік қоры бар. Тұрақты түрде қор үнемі толықтырылып отырады.

Мәліметпен бөлісу: