Көлік құралдарындағы өрт шығу жиілігі бойынша екінші орында

Автокөлік құралдарындағы өрттер, өрттердің жалпы санының 20% — ын құрайды. Соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй секторы объектілерінен кейін пайда болу жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады. Бұл туралы « Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Мәселен, Қаратал ауданында өткен жылы автокөліктің отқа орануы бойынша 5 жағдай тіркелген, оның 4-еуі мотор бөлігінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан орын алған. Ағымдағы жылдың басынан Үштөбе жерінде 1- автокөлік техниксының отқа оранғаны тіркеліп отыр.

Қаратал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерназар Кеңесовтың айтуынша, көлік құралдарындағы өрттердің негізгі себептері темекі шегу және автомобиль салонында ашық отты пайдалану, үйде жасалыған газ жабдығын орнату, мотор бөліктерін жанғыш материалдармен жылыту болып табылады.

Ресми деректер, дәл осы Үштөбе өңірінде автокөліктің отқа орануы бойынша, орта есеппен, жыл сайын 5-ке жуық өрт орын алады деп көрсетуде.

Айта кетейік Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жүргізген жұмыстың нәтижесінде 2021 жылы 20 өрт сөндіру бекетін құруға 312 млн. 920 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жалпы, өңірде 50 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді.

Мәліметпен бөлісу: