Ерді ер ететін – еңбек

Мемлекет тарапынан “Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы” бекітіліп, бұқараның әлеуметтік жағдайын көтеруді көздеуде. Бұл да болса бәсекеге лайықтылықты арттырудың бір жолы.
Аталған бағдарламаның көріністері біздің де көз алдымызда. Өзінің ғана емес өзгенің де табысын еселеп отыреан азаматтар ауданымызда да баршылық.


Ерді ер ететін – еңбек. Бұл қағида барлық адамға байланысты айтылғандай. Себебі, аларым мен берерім жоқ деп отырмай, қолдан келгенше қызмет жолында талпынып, тарпынып еңбек ету арқылы ғана біз өзімізді тұлға ретінде қалыптастырамыз. Бұндай жолдан, яғни қолындағы қуатынан басқа ештеңесі жоқтан жүздеген адамды жұмыспен қамтып, аудан экономикасының өрлеуіне өзіндік үлесін қосып отырған тұлғалар баршылық. Сондай еңбек адамы ретінде Елжан Кәрімұлын айтуға болады.
Жыландыдай жомарт далалы жердің тумасы Елжан Кәрімұлын Алакөлде танымас адам кемде кем. Өңірімізді былай қойғанда күллі облыс аумағына да танымал азамат екендігі жасырын емес.
Кәсіпкерлікке 1998 жылы келген кейіпкеріміз сол уақыттан бері адал еңбектің ері атанып, қара жұмыстан қаймығып көрмеген. Ісін алғаш бастаған мезетте талай кедергілер мен қиындықтар жолығып, дағдарыс дауылы соқса да беріліп көрмеген табандылығы мен тапқырлығы, қайсарлығы мен қайтпас мінезі – бүгінгі бедел биігіне көтерілуіне тікелей түрткі болды.
Бір айта кетерлігі, Елжан Кәрімұлы аудандағы әр қайырымдылық шараларына белсене қатысып, мұқтаж азаматтарға қол ұшын созуда алдына жан салған емес. Үнемі Тәңірден бұйырған нәпақасын өзгелермен бөлісіп, жылағанға пана, жығылғанға тіреу бола білді. Соның арқасында есімі ел арасында кеңінен тарап, үлкен абырой мен сый-құрметтің төріне шығып отыр.
Бизнес саласындағы қарқынды қызметіне келер болсақ, бүгінде Елжан Кәрімұлының бастамашыл идеяларының арқасында біршама істер атқарылып жатыр. Талай алакөлдіктерді жұмыспен қамтып отырған кәсіп көздерінің ішінде жол құрылысы, асфалть зауыты, құрылыс материалдарын шығару, өңірді азық-түлікпен қамту, қонақ үй кешендері, жанар-жағармай орталықтары, көл бойындағы демалыс орындары бар. Бірталай отбасының басты табыс көзіне айналған берекелі бизнес жобалар жыл санап өркендеп отырғаны шындық.
Қызметен бөлек Елжан Кәрімұлы қоғадық істердің де белсенді қатысушысы. Қайырымдылық, демеушіліктен бөлек аудандық мәслихаттың депутаты, «Nur Otan» партиясының өкілі, ауданның Құрметті азаматы, елдің мол алғысын алған арда азамат. Ал бұл атақтар кез келген адамның пешенесіне бұйыра бермесі анық. Сондай-ақ бас партия тарапынан атқарылып жақтан «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты балалық шақ», «Кедергісіз келешек» сынды бағдарламарға да кеңінен қолдау көрсетуде.
Өз еңбек жолында кейіпкеріміз республикалық дәрежеде бірнеше мәрте Алғыс хатын, облыс және аудан әкімдерінің бірталай Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын алып, «Жыл кәсіпкері», «Жыл демеушісі», «Жыл меценаты», «Сала көшбасшысы», «Үздік басшы» сынды атақтарды қанжылаған. Ерекше атап өтері барлық атқарған қызметі үшін «Құрмет Орденін», «Парасат орденін» кеудесіне тағып, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» және «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медальдарын иемденген.


А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу: