Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 09. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Кәсіпкерлерге қолдау көп

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің кезекті Жолдауында ертеңгі қадамдарымызды айшықтап, даму даңғылымызды айқындайтын көптеген келелі мәселелерді көтерді. Соның ішінде халықты жеке кәсіпкерлікке тарту мен осы бағытта барынша қолдау көрсету тақырыбы бұқараның көңілінен шыққандай.

Жаһандық бәсекелестік өршіген нарықтық заманда жұмысшы болу емес, керісінше өзіңді өзің қамти алуың маңызды. Себебі, жеке бизнесте тасың өрге домалап, ісің оңымен басса өзгелерге де қызмет ұсыну мүмкіндігі еселене түспек. Бұл ретте лайық өмір сүру мен көштен қалмау үшін кәсіпкерліктің ұршығын тиімді иіруге мемлекет тарапынан қолғабыстың болуы абзал.

Президент өз сөзінде: «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады»,- деді. Демек, халықтың барлығына берілер мүмкіндіктердің терезеі теңеліп, әділдіктің туы тік көтеріле түспек.

Сонымен қатар жастарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында төмен пайызды несие беру мәселесі де айтылды. Соның арқасында келес жылға 100 мың жасты жұмыспен қамту мақсат болып отыр. Жаңа жұмыс орындарын аша отырып, жалын иелерінің потециалын қолдау және кәсіпкерліктегі қадамдарын демеу арқылы олардың жағдайын да жақсартуға мол мүмкіндік бар.

Және де жеке бизнеспен айланысқысы келетіндерге жер беру тақырыбы да таразы басына түсті. Бос жатқан, қолданыссыз қалған жер телімдерін қолынан іс келетін, жұмысқа деген ниеті орасан азаматтарға бөлу арқылы кәсіпкерлік саласын одан ары өрістетуге жол ашылмақ.

А.ЕСЕНБЕКОВ,

ауандық мәслихат депутаты, аудандық «Алакөл» газетінің бас редакторы.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov