Ұжымдар да Сайлауға үн қосты


Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына барып, дауыс берген халық саны артуда.
Солардың бірі Алакөл ауданында Славян этно мәдени орталығының өкілдері қалыс қалмай, ұжыммен барып, Қабанбай ауылы, №75 сайлау учаскесіне өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

Аталған ұжым бүгінгі күні аудандағы этносаралық қатынасты, татулық пен келісімді нығайту жолында еңбек етіп келеді.

— Сайлауда әр адамның дауысы маңызды. Біз ұжым болып, еліміздің болашағына бей-жай қарамай, өз үлесімізді қосудамыз. Себебі, бүгінгі Сайлау науқан ел болашағын айшықтар тарихи күн. Біз өз таңдауымызды жасадық және барша Қазақстандықтарды өз таңдауларын жасауға шақырды.

Мендауысбердім

ЕлімүшінТаңдау

Сайлауғабардым

СайлауЖетісу

Мәліметпен бөлісу: