Электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды алу


Энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтағы тұтынушылар арасында туындайтын қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамамен реттеледi.
2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының (бұдан әрi — Қағидалар) 3-қосымшасына сәйкес, электр желiлерiне қосылу үшiн еркiн нысандағы өтiнiш пен сауалнаманың негiзiнде тұтынушыларға электр желiлерiне қосылуға арналған техникалық шарттар берiледi. Жаңадан қосылған немесе қалпына келтiруге болатын электр қондырғыларға энергия өндiрушi немесе энергия берушi ұйымдар техникалық шартты тұтынушыдан өтiнiштi алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде бередi.
Сонымен бiрге Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығымен бекiтiлген Қағидаларға түзетулер енгiзiлуiне байланысты энергетикалық кәсiпорындар техникалық шартпен бiрге тұтынушыларға электр желiлерiнiң балансы шекарасын анықтау мен тараптардың қол қойған пайдалану жауапкершiлiгi актiсiн қосылу схемасымен қоса бередi. Құрылыс мерзiмiнде салынып жатқан объектiлердi электрмен жабдықтау үшiн тұтынушыларға уақытша техникалық шарттар берiледi.
Техникалық шарттарды беру энергия берушi ұйымның электр желiлерiне немесе энергия өндiрушi ұйымның электр қондырғыларына қосылудың техникалық мүмкiндiгi болған жағдайда жүзеге асырылады.
Техникалық шарттарды беру және қайта ресiмдеу үшiн ақы алынбайды.
Техникалық шарттарда көрсетiлген талаптармен келiспеген жағдайда тұтынушы тәуелсiз энергетикалық сараптама жүргiзу үшiн сараптама ұйымымен байланыса алады. Техникалық шарттарда көрсетiлген талаптардың негiзсiздiгi туралы энергетикалық сараптаманың қорытындысы негiзiнде тұтынушы энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйымға еркiн нысандағы өтiнiштi қайта жiбередi.
Техникалық шарттарда көрсетiлген талаптарды өзгертуден екiншi рет бас тартқан жағдайда тұтынушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйымның әрекеттерiне шағымданады.
Тұтынушылардың электр желiлерiне қосылуды жоспарлап отырған қосалқы тұтынушылар техникалық шарттарды тұтынушылардан (электр желiлерiнiң иелерiнен) алады және оларды тұтынушыға техникалық шарттар берген энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйыммен келiседi. Тұтынушымен (электр желiлерiнiң иелерiмен) келiсiм бойынша энергия тұтынушы немесе энергия өндiрушi ұйым қосалқы тұтынушыларға техникалық шарттар беруге рұқсат етiледi.
Барлық мәселелер бойынша тұтынушылар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетiнiң Жетісу облысы бойынша аумақтық департаментiне Талдықорған қаласы, Болашақ көшесі 1, 201 — кабинет мекен-жайы бойынша немесе +7 (7282) 41-87-33; +7 (7282) 41-87-32 телефонына жүгiне алады.

Мәліметпен бөлісу: