БАЛЫҚШЫЛАР ОТБАСЫ ДАУЫС БЕРДІ



Алакөл ауданы, Қамысқала ауылдық округінің тұрғындары Ариновтар әулеті жолдасы Аринов Мұхамедияр мен Аринова Қайынжамалдың балалары және немерелері ата кәсібіне айналған балық шаруашылығымен айналысып келеді. Балықшылар әулеті сайлауда өз учаскілеріне барып, таңдауларын жасап, дауыс берді.

Отбасы мүшелері осыған дейін 6 рет сайлауға қатысып, өз белсенділіктерін танытуда. Президент Жолдауындағы саяси реформаларды қолдап, елімізде әділетті қоғам орнату үшін қабылданған шараларға ыстық ықыласын білдіре отырып: «Дауыс беру- әр адамның азаматтық борышы. Біз отбасымызбен таңертен ерте сайлау учаскесіне барып, ел болашағы үшін дауыс береміз. Біз үшін сайлау- дамудың тұрақтылығы. Әрқашан оң дамуды қолдаймыз. Өз дауысымызды лайықты кандидаттар мен партияларға бердік.»- деді.

Мәліметпен бөлісу: