Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен ҚР Экологиялық кодексі талаптарының сақталуына аралығында мониторинг жүргізілді.Мемлекеттік кірістер департаменті мен Жетісу облысы бойынша экология департаменті өзара іс-қимылдың болмауына байланысты кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға әкеп соққан қолданыстағы заңнаманың талаптарын тиісінше қолданбайтыны анықталды.Жетісу Облыс бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін салық төлейтін 4633 оператор бар, оның ішінде 46 ШОБ субъектісі ІV санатқа жатқызылған.Салық заңнамасына сәйкес төлемақы төлеушілер ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес айқындалған тек І, ІІ, ІІІ санаттағы операторлар болып табылады, ІV санаттағы субъектілер салықтың осы түрін төлеуден босатылады. Бұл ретте уәкілетті органдар тарапынан табиғат пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу жөнінде уақытылы шаралар қабылданбаған.Бірлескен шаралардың нәтижелері бойынша 46 бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды. Енді олар қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін салық төлеуден босатылды.