Депутаттық құрам жаңарды

Президентіміз Қ.Тоқаевтың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін үкімет» қағидасы — мемлекетіміздің басты тірегі.

Бір жылға жуық уақыттың ішінде елімізде маңызды рөл атқаратын бес саяси науқан өткізілді. Референдум, Президенттік сайлау, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы билікті түгелдей жаңартуға арналған өзгерістер лебі.

Жуырда «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихатының VIII сессиясы өтті. Аудандық мәслихат депутаттығына сайлауға түскен 36 кандитаттың арасынан халықтың ілтипатына бөленіп, елдің қалаулысы деп танылып жеңіске жеткен 15 үміткер өз мандаттарына тағайындалды.

Өңір тұрғындарының жағдайының жақсаруына, елдің мұқтаждығын билікке жеткізуде халық сайлаған жергілікті мәслихат депутаттарының рөлі айрықша. Ендігі аудандық мәслихаттың VIII шақырылымында әрбір депутат қарқынды жұмыс атқарып, бұқараның сенімін ақтайды деген үміттеміз.

Жиын барысында аудан әкімі А.Абдинов депутаттардың жаңа құрамын жеңістерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Әрмен қарай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Бекболатов депутаттарға төсбелгілерін табыстады. Сондай-ақ депутаттардың басым көпшілігінің дауыс беруімен мәслихат төрағасы болып Каримов Досан Елжанұлы сайланды.

Ж.СЕРІКҚАНҚЫЗЫ.

Мәліметпен бөлісу: