Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында
қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізу
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен өтетін «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктантты ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
- Диктант жазудың мақсаты мен міндеттері
Диктантты өткізуге негіздеме:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмалары.
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауаттыжазудағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу. - Диктант жазуды ұйымдастырушының міндеттері
Диктант жазуды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері, жергілікті атқарушы органдар.
Ұйымдастырушы:
1) жергілікті атқарушы органдаржергілікті БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы диктанттың өтетіні туралы хабарламалар орналастырып, алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі диктанттың мәтінін 2023 жылғы 3 мамырда сағат 11.00-де жергілікті атқарушы органдардың жауапты мамандарының эл.пошталарына жолдайды. - Диктант жазуға қойылатын талаптар:
1) диктант жазушылардың жас ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
2) диктант жазушылардың тілдік ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
2) диктантпен өңір тұрғындарының кем дегенде 30 %-і қамтылуы тиіс;
3) диктантты офлайн/онлайн форматтарда өткізуге болады;
4) диктант бағаланбайды. - Диктантты өткізу мерзімі:
Диктант республика бойынша 2023 жылғы 4 мамырда сағат 11.00-де өткізіледі