Мерейтой қарсаңында

Жуырда аудандық З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Ш.Құдайбердіұлының және М.Жұмабаевтың еңбектерін кеңінен насихаттау мақсатында «Тіл – ғұмыр» атты аудандық жас қаламгер байқауы өтті.

Биыл ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор – Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы. Сондай-ақ алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толып отыр. Осы орайда ауданымыздың жас қаламгерлері айтулы мерейтой иелеріне арнайы арнау өлеңдерін дайындап, бақ сынасты.

Сайысымызға Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы А.Хиаг, «Алакөл» аудандық саяси-қоғамдық газетінің бас редакторы  А.Есенбеков және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Н.Абсеитова төрелік етті. Байқауға аудан бойынша іріктеліп шыққан 5 қаламгер қатысты.

Қорытындылай келе, ІІІ орынды  Лепсі ауылдық округінен Б.Шәкәрімова, ІІ орынды Тоқжайлау ауылдық округінен А.Нұрбек және жүлделі І орынды – Жыланды ауылдық округінен Б.Болатова алды. Сондай-ақ қатысушыларымызға аудан әкімінің марапаты мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Ж.СЕРІКҚАНҚЫЗЫ.

Мәліметпен бөлісу: