Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 10. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Бескөлде заманауи спорт кешені ашылды

Алакөл ауданында тағы бір спорт кешені бой көтеріп, пайдалануға берілді.  Бескөл ауылдық округінің, Бұлақты ауылында заманауи спорт кешені ашылды.  Ашылу салтанатына аудан әкімі, Облыстық спорт басқармасының өкілдері келді. Алғысөз аудан әкімі А.Абдиновқа берілді. Өңір басшысы бұқаралық спорттың дамуын тілге тиек етіп, болашақ спортшыларға жағдай жасаудың маңызын айта кетті. Содан кейін Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, «Қазақстан барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы Ұ.Рысқұлға сөз берілді. Ардагер спортшы өз кезегінде өңірдегі спорттың дамуына баса назар аудару керек екенін қадап айтты. Ауылдан шыққан спортшыларға заманауи спорт кешендерін салып, жағдай жасап, еш кедергісіз жаттығуы үшін аянбай керек екенін айтты.

Шара соңында ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Ж.Рымбаев ақсақал бата беріп, бұл кешеннің халық игілігі үшін ұзақ жылдар бойы қызмет етсін деген ниет білдірді.  Содан кейін ақсақалдар мен қонақтар кешеннің лентасын қиып, салтанатты түрде ашып берді.

Бұл нысанды «Глобал констракшн КЗ» ЖШС салып шыққан. Спорт кешені 80 орынға лайықталған.  Аумағы 1 гектар жерді құрайды. Кешен сыртында жеке қоршалған кіші футбол алаңы бар. Сондай-ақ екі уоркаут жаттығу алаңы орналасқан. Кешен ішінде бір бокс залы, бір күрес залы және бір жаттығу залы бар. Сондай-ақ көлемі үлкен әмбебап спорт зал орналасқан. Төрт киім ауыстыратын бөлмелер де жабдықталған. Ішінде жуынатын бөлме мен дәретханасы орналасқан. Оның екеуі қыздарға, екеуі ұл балаларға арналған. Сонымен қатар заманауи кешенде медициналық бөлме де қарастырылған.

А.Сүлеймен.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov