«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2023 жылғы 16шілдеге Достықауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.
2023 жылғы 07 маусымда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Достықауылдық округте 2023 жылғы 16шілдеге сайлау тағайындады. Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары,аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау»парақшасында орналастырылған және аудандық «Alakol» газетінде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиялары, 21 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Округ бойынша сайлаушылар саны 3014 адамға жуық санды құрайды.
2023 жылдың 08 маусымнан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2023 жылдың 19маусымдағы жағдай бойынша 3 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Достықауылдық округі әкіміне кандидаттар ұсыну 2023 жылғы 20 маусымда сағат 18-00 дейін жалғасады.
Алакөл аудандық сайлау комиссиясы