«Kemel urpaq» атты халықаралық жастар форумы өтті

Жетісу облысында алғаш рет шетелде білім алған жастармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін «Kemel urpaq» атты халықаралық жастар форумы өтті.
Халықаралық форумда 100-ге жуық жас кино, педагогика және медецина тақырыбында шебелік сабақтарын алды.
«Jetisu jastary» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шарада АҚШ, Түркия, Еуропа, Қытай елдерінің беделді оқу орындарын бітірген және оқып жатқан жастармен офлайн және онлайн тәжірибе алмасу болды.
Форум спикерлерінің пікірінше шетелде қазақ менталитеті, салт-дәстүрі өзіндік қызығушылыққа, ерекшелікке ие.
«Шетелде мықты мамандар, креативті жатар көп. Алайда, оларға жаңа бейне, жаңа мәдениет қызық. Шетелге еліктеп өз менталитетімізден, салт-дәстүріден қашу бұрыс түсінік. Керісінше, өзіміздің мәдениетімізді қастерлеп, оны таныта білуіміз керек. Ол үшін бәсекеге қабітетті көп тілді меңгерген, тәуекелшіл жастар яғни біз көп еңбектенуіміз керек», — дейді АҚШ-тағы, New york film academy түлегі Атамұра Мұсаханов.
25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған жастар форумы келесі жылы да өз жалғасын таппақ.

Меруерт Махмұтжан

Мәліметпен бөлісу: