Мұратбек Гүлминұр Маратбекқызы

Кәсіпкер қыз

Мұратбек Гүлминұр Мұратбекқызы – 1991 жылы қаңтардың он алтыншы жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жарбұлақ ауылында дүние есігін ашқан. Асау толқыны тулаған көлдің жағасында ғұмыр сапарын бастаған қыз бала күннен екі аяққа тыным бермес, пысық, белсенділігі жоғары жастардың қатарынан табыла білді.

Көл суы жарға келіп соққанда мүжілген топырақтың толқын екпіне төтеп берудегі қуатын тамашалап өскен қыз өмір сынақтарына шыдауда өжеттікке үйренеді. Тұрақтылықтың арқасында тамшы да тасты тесуге қауһарлы екендігін аңғарды.

Жарбұлақ орта мектебінің табалдырығын аттаған Гүлминұр көлден алған тәрбиесін өзінің ғұмырлық сапарында да қолдануға тырысты. Жолда кезіккен кедергілерді  жеңуде, қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруда, білім шыңына шығуда талап, талпынысын күн сайын арттырып отырды.

2006 жылы тоғызыншы сыныптан кейін Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педогогикалық колледжіне қабылданып, үлкен өмірге аяқ басты. Студенттік шақтың қызығы мен қиындығын қатар көріп, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат етеді. Сөйтіп, белсенді жастардың көшін бастап, қатарластарының алды болған ару оқу орнының бетке ұстар білімгерлерінің үздігі атанды. Қолынан келмейтіні аз, ізденіс пен жаңашылдыққа құмар қыздың болашғынан зор үміт күткен ұстаздары да тамсана қарайтын.

Тағдыр жолы талапты қызды 2017 жылы айдынды өңіріміздің орталығы Үшарал қаласына келді. Мақсатшыл ару жастық жалыны мен қуатын бос әурешілікке жұмсағысы келмей, жеке кәсіпкерлікте бағын сынауға кірісті. Ең алғаш рет 2019 жылы шаһар орталығындағы сауда орындарының бірінің кішігірім аумағын жалға алып, нәзік жандылар үшін өте сұранысқа ие бағалы зергерлік бұйымдарды сатумен айналыса басиайды. Алғашында алынбас таудай көрінген бизнес биігін Гүминұр Мұратбекқызына тез бағындырды. Тың идеяға толы жастық санасын, ақыл-ойын пайдалана отырып, қазіргі таңда нәзік жанды кәсіпкерлердің көшін бастап тұр десек те қателеспейміз.

«Мұратбек» ЖК болып ашылған жеке кәсіпкерлігі қазіргі таңда «Үшарал алтын» атымен танымал. Жоғары сапалы бағалы бұйымдар, қыздарға арналған сапалы, сәнді киім-кешектер дүкендерін ашты, демалуға арналған караоке орталығы бар, қазіргі таңда бизнесті дамыту үшін бірнеше жобаларды қолға алған.

Ең бастысы кәсіптегі жетістікті емес, тағдырдың сыйын бағалайтын ару аяулы ана, бір ұл мен бір қыз өсіріп отырған жан.

Мәліметпен бөлісу: