Есенбеков Алмат Асхатұлы Өмірі мен еңбек жолы

Есенбеков Алмат Асхатұлы – 1994 жылы бұрынғы Алматы облысы Сарқан ауданына қарасты Көкөзек ауылында дүниеге келген. Сарқан қаласындағы Абай атындағы орта мектепті тәмамдап, 2012-2016 жылдары І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша білім алған.

2017 жылы «Алакөл» аудандық газетіне қызметке орналасты. Бүгінде «Алакөл» аудандық газетінің бас редакторы, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі. Сонымен қатар Алакөл аудандық мәслихатының депутаты. 2017 жылдан бері «Бір арман» қайырымдылық қоры мен еріктілер тобын құрып, қайырымдылық бағытында орасан жұмыстар атқаруда.

Аса белсенділігінің арқасында Алакөл ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңесшісі және «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аудандық филиалының басшысы, аудандық Жастар мәселелері қоғамдық кеңесінің төрағасы болып тағайындалған. Жетісу облысы бойынша «Аманат» партиясы жанындағы жастарды қолдау бойынша кеңесінің төрағасы.

Халықтың сөзі мен тілегін газет бетіне түсіріп, елдің де алғысын молынан арқалаған Алмат Асхатұлы 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі болды.

Бұдан бөлек 2019 жылдан бері «АлакөлТВ» ақпараттық-танымдық телестудиясын ашып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Телестудияда апта сайын аудан жаңалықтары түсіріліп, өңірдің барлық тыныс-тіршілігі берілуде.

2021 жылы алғашқы «Бапкер Бақытбек» атты кітабы жарық көрген.

Алмат Асхатұлы ақындық өнермен таныстығын бесінші сыныптан бастаған. Мектішілік, қалалық, аудандық мүшайраларда топ жарып, облыс, республика көлемінде де жүлделі болып жүрді. Қаламға деген құштарлығы мен әдебиетке деген шексіз махаббатының арқасында тағдыр торабын да жазушылықпен байланыстырып, журналист мамандығын таңдайды.

Өзінің еңбек жолында Алматы облысының «Көшбасшы» жастар сыйлығының жеңімпазы, облыстық «Үздік ерікті» додасының бас жүлде иегері болды. Сондай-ақ ҚР президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатын, ҚР Парламенті Сенатының Құрмет Грамотасын, ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатын, ҚР Тұңғыш Президенті «Елбасы» қоры төрағасының Алғыс хатын, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының төрағасының Алғыс хатын, Алматы облысы әкімінің екі мәрте Алғыс хаты, Жетісу облысы әкімінің екі мәрте Алғыс хатын, Алматы облысы әкімінің орынбасары мен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының Алғыс хатын, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатын, облыстық жастар мәселелері басқармасы басшысының, облыстық дін істері басқармасы басшысының «Алғыс хаттарын», облыстық тілдерді дамыту басқармасының Құрмет грамотасын алған.

Ақындық өнерінде және журналистика саласында да алған жүлделері мол. Республикалық жол сапасын қадағалау бойынша өткен журналистер додасында «Үздік басылым мақаласы» номинацияының иегері, «Жас қалам» облыстық жас журналистер байқауының «Ғаламтор бетіндегі үздік жариялым» номинациясының бас жүлде иегері, «Qalam Prize» облыстық жас журналистер байқауының «Үздік талдамалық зерттеу мақаласы» номинациясының бас жүлде иегері, «Салт пен дәстүр – дін тірегі» атты облыстық ақындар мүшәйрасының бас жүлде иегері, «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты облыстық ақындар мүшәйрасының бас жүлде иегері, Облыстық «Бөрібай батыр» мүшайрасының ынталандыру сыйлығының иегері және жыр жинағына поэмасы енген. Облыстық «Мемлекеттік тіл және БАҚ» журналистер байқауының бас жүлде иегері.  2020 жылдың қорытындысы бойынша аудандық газеттің «Үздік тілшісі» аталымын иеленген. «Асыл әке» медалін де төсіне таққан.

Бұдан бөлек І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректорының, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық мұражайы директорының, Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы директорының, Алматы облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» директорының «Алғыс хат» иегері. ҚР Президенті кеңесінің бастығының, «Жас медиа» жас журналистер орталығының, «Медианет» халықаралық журналистика орталығының сертификаттарының иегері. Жетісу облысының «Үздік волонтер» аталымынң жеңімпазы.

Алакөл ауданы бойынша «Жыл үздігі» сыйлығын, гендерлік теңдік бағытындағы «Үздік мақала» аталымын, «Аманат» партиясы атқарушы хатшысының сертификатын, «Аманат» партиясы облыстық филиалы төрағасының, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ директорының, облыстық қоғамдық ұйымдардың Алғыс хаттарын тақымға басқан.

Алакөл аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты. ҚР Журналистер одағының мүшесі, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның жаС жазушылар мен өнер шеберлері ассоцациясының мүшесі. 

Үйленген, бес баланың әкесі.

Мәліметпен бөлісу: