Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 17. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Жекпе-жек жауынгерлері жарады

Алакөл ауданында ақ түйенің қарны жарылып, ұлттық спорт түрі жекпе-жектен турнир өтті. Бұл жарыс ауданымыздың атын дүниенің төрт тарапына танытқан, байрақты бәсекелерде көк туымызды желбіреткен, 10 дүркін Қазақстан чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, қатарынан бес мәрте әлем чемпионатының финалына шығып, үш дүркін чемпион атанған Айбол Жарболұлы Ахметовтың құрметіне ұйымдастырылған. Жас та болса бас болып, әуесқой спорттағы бар нәтижеге қол жеткізген спортшыға қандай құрмет болса да лайық.

«Жекпе-жек» – қазақтың ұлттық әскери-жауынгерлік өнері. Бес қаруын бойында ұстаған батыр бабаларымыздың даңқты дәстүрі. Келешек ұрпақтың рухты болуының кепілі. Ел мен жерді қорғаудың, Отан қорғаудың озық тәсілі, дәстүрлі жүйесі. Қазір бұл спорт түрі сол батырлардан қалған дара жолдың жалғасы іспетті.

Жарыстың ашылу салтанатында Жетісу облысы мәслихатының депутаты Алмат Садиев, Аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының басшысы Ердос Нөсерханов құттықтау сөз сөйлесе, сынықшы, аудан ақсақалы Діңғазы Шәкенұлы бата берді. Сондай-ақ Дінғазы Шәкенұлы мен Сақыш Омарқызына алғыс хат табысталды. Айта кету керек, ата-аналар өз атынан батыр жігіт Айбол Ахметовқа ат мінгізіп, құрмет көрсетті.

Балалар мен кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен дүбірлі додада спортшылар 20 салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түскен. Шеберлігін шыңдаған шымыр балалар сегіз бұрышта бар өнерін көрсетті. Жекпе-жектердің бәрі дерлік көрермен рухын көтеріп, қызықты өтті. 20 салмақ дәрежесінің 20-сында алакөлдік спортшылар жеңімпаз атанып, аудан жекпе-жекшілерінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жарысты ұйымдастырушы аудан атын танытып жүрген танымал бапкер, Алакөл ауданы жекпе-жек федерациясының президенті, жекпе-жектен ҚР ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Арнұр Нұрланұлы.

Сайыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы құйылған медаль табысталды. Бұл медаль формасының да өз мәні бар. Себебі бұл Айбол Ахметовтың Латвияда үшінші мәрте әлем чемпионы атанған медальдің формасында құйылған. Жастарға өнеге, батырға құрмет. Сондай-ақ жеңіс тұғырына көтерілгендерге телефон, құлаққап, сөмке сынды бағалар сыйлықтар табысталды. Жарыстың бас демеушісі: жеке кәсіпкер, Райын Рашитұлы Садырбеков.

Ұлттық спортты насихаттап, ерлерімізді ұлықтайтын ел болып, аудан атын әлемдік ареналарда танытқан спортшыларымыз әрдайым құрметке лайық!

А.СҮЛЕЙМЕН.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov