«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кес қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделернің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресі барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізу тиіс.
2023 жылдың 20–26 шы қазан айында Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-сі 2022 жылға сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдігіне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуелділігін ішкі талдау нәтижесін ескере отырып, Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің ұйымдастырушылық қызмет бағытында, қызметкерлерді бағалау, басқару, мүдде жанжалы, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру, реттейтін заңнаманы талдау бойынша, сыбайлас жемқорлыққа тәуелділігі анықталған жоқ.
Қазіргі таңда Е-өтініш ресми парталы арқылы жеке тұлғалардың әр түрлі ұсыныстар мен өтініштері оң жауабын табуда. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алатыны мәлім.
Бүгінгі күні «Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі округ тұрғындарына «электрондық үкімет» порталы арқылы әділет, білім, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері, сонымен қатар Жоғарғы сот пен Салық комитетінің электронды қызметтерін көрсетуде. 2023 жылдың есебінен 500-ге жуық электронды қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш өткен 2022 жылмен салыстырғанда жоғары
Біз жеңіл және ыңғайлы тәсілмен, қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып қарым қатынас жасайтын ақпараттық дәуірде өмір сүрудеміз.
И.КАНАГАТОВА,
Ырғайты ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы.