Мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру

Мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру Департамент қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментіне облыс тұрғындарынан сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде 10-ға жуық өтініш келіп түсті.

Шағымдардың негізгі бөлігі жер қатынастары саласында көрсетілетін қызметтерге түседі.

Мысалы, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімдігі және жер қатынастары бөлімі мамандарының лауазымдық міндеттеріне немқұрай қарау салдарынан, мемлекеттік қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болған жер комиссиясының шешіміне өз келіспеушіліктерін дер кезінде білдіруге, яғни шағымдану мүмкіндіктерінен екі рет айырған.

Осы фактілер бойынша Департамент жоспардан тыс тексеру жүргізіп, оның нәтижелері бойынша шағымданатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары көрсетілетін қызметті алушыларға жер комиссиясының шешімімен, хаттамалардың көшірмелерін ұсынбағаны, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімдерді уақытылы жібермегені анықталды.

Осылайша, мемлекеттік қызметті алушыларды құзыретті органдар қабылдаған шешімнің нәтижелері бойынша өз пікірін білдіру мүмкіндігінен және оған сот тәртібімен шағымдану мүмкіндігінен айырған.

Тек, Департаменттің әрекет етуінен кейін ғана мемлекеттік қызметті алушыларға жер комиссиясы хаттамаларының көшірмелері ұсынылып, бұзылған құқықтар қалпына келтірілді.

Мәліметпен бөлісу: