Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 04. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

«Көшбасшы – 2017» жастар сыйлығының иегерлері анықталды

Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, Алматы облысы әкімінің«Көшбасшы-2017» жастар сыйлығын тапсыру кеші өтті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұндай мəртебелі атақ белгілі жетістіктерге жете білген, түрлі салада өзге жастарға үлгі боларлық нəтижелер көрсеткен 18-29 жас аралығындағы облыс жастарына беріледі. Биыл жастардың арасында 17 номинация бойынша үздіктер анықталды.

Атап айтсақ, «Үздік жас журналист» — «Жетісу» телеарнасының тележүргізушісі Хамитов Алмат (Талдықорған); «Үздік жас өнерпаз» — мәдениет үйінің директоры Дүйсембеков Медет (Қапшағай); «Үздік жас кәсіпкер» — Құрманғалиев Мансұр (Талдықорған); «Үздік жас ауыл шаруашылығының маманы» — «Мадияр» шаруа қожалығының жетекшісі Әуелбаев Мадияр (Талғар ауданы); «Үздік жас ғалым» — С.Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы Тоқтаров Ермек; «Үздік жас ұстаз» — Үшарал қазақ гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарханов Ержан (Алакөл ауданы); «Жас батыр» — Д.Қонаев атындағы орта мектеп түлегі Жамоладдинов Темурбек, (Еңбекшіқазақ ауданы), «Үздік студент» — ЖМУ-дың 3 курс білімгері Митрохина Лариса, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» — Ардақ Сүйімбаева (Ақсу ауданы).
«Ел жастары жұдырықтай жұмылып, Елбасының сарабдал саясатының тиянақты түрде жүзеге асуына атсалысуы керек. Әсіресе, “Рухани жаңғыру” бағдарламасының іске асуына жас буынның көмегі аса қажет. Облыста Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Жастарға қызмет көрсету орталығы, барлық 19 аудан мен қалаларда Жастар орталығы құрылған. Бұл орайда олардың атқарып жүрген нәтижелі жұмысын атап өткен жөн. Құрметті марапат иелері. Баршаңызға мол табыс, бақ-береке тілеймін. Туған еліміздің игілігі үшін аянбай еңбек етіп, Қазақстанның мақтанышы болуларыңызға тілектеспін»,- деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Айта кетейік, салтанатты кешке арнайы Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары Кәмшат Жолдыбаева мен “RENZO” тобы келді. Олар әсем әннен шашу шашып, жиналған қауымның қошеметіне бөленді

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov