Алматы облысында ҚР қылмыстық заңнамасы талқыланды

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі және қылмыстық процессуалдық кодекстеріне сәйкес, азаматтардың құқықғын қорғау мақсатында қылмыстық іс жүргізуде бірқатар өзгерістерталқылау үстінде.
Аталған өзгертулер мен толықтырулар мемлекеттік огандардың қатысуымен әзірленіп, азаматтардың құқығын қорғаудағы жүйені арттыруға бағытталған.

Қамауға алу ол тек қатаң бұлтартпау шарасы ретінде қарастырылып, ең басты фактор ол қоғамға қауып төндірмейтін қылмыстар болса бұлтартпау шарасы жеңіл болып келеді. Бұл өзгеріс ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысы жоқ.Ұсталған адамды сотқа бұлтарптау шарасын алу үшін апарап уақытын қысқарту, бұған дейін 72 сағат болған болса қазіргі ұсынылған жаңа жоба бойынша 48 сағат болып көрсетліген.
«Бүгін уақытша изоляторға ұстап, қысым көрсетіп қылмысты мойындатады деген пікір әлі күнге дейін айтылып келеді. Бұл өзгеріс 48 сағат деген халықаралық тәжірибеге максималды түрде жақындаған жоба болып табылады. Азаматтрады қорғау ол тек қамауға алу мерзімін азайтып қана қоймай, басқа да өзгерістерде орын алып бұл бағыттағы нақты қадамдар болуы қажет. Сондықтан азаматтарды ұстауға рұқсат беретін іс-әрекеттер тізім азайту қарастырылған. Әрбір сотқа дейінгі тергеу органдарында азаматтардың Конституциялық құқықтарының бұзылмауына жауап беретін қызметкер болады, бұл тағы бір барьердың алдын алатын құрал болып табылатын болады», — деді облыстық Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметінің аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Мырзахан Жақсылық.
Сонымен қатар, бүгінігі таңда қылмыстық істерді тергеу қиын және қаржы жағынан көп шығын талап етеді. Сондықтан қоғамға қауыпты емес қылмыстық істерге қаражат шығынын азайтып, максималды түрде қысқа мерзімде аяқтау жолдары ұсынылды.

Айта кету керек, ұсынылған жобада, сондай-ақ, адвокаттардың мүмкіндігін арттыру арқылы, олардың азаматтарды қорғауға кеңінен жол ашатыны жайлы айтылды.

Мәліметпен бөлісу: