ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ


Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығына Жетісу облысының әр елдімекен тұрғындары атсалысуда.
«Мөлдір бұлақ» – өзен, көлдер маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, жағажайларды қоқыстан тазартуға бағытталған экологиялық акциялардан тұрады. Жалпы облыс бойынша аталған күндері 20 мыңға жуық адамның қатысуымен, 50 экологиялық шара жоспарланып, ұйымдастырылуда. Ауыл-аймақ өз аумағындағы өзендер маңына сенбілік жұмыстарын жүргізіп, бұлақ көздерін ашты. Қала аумағындағы арық жүйелерін тазартып, өзен суларының арнасы ашылды.


​Бүгін Жетісу облысы бойынша «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Таза өзен», «Тазалық өзімізден басталады» сынды бірқатар экологиялық акциялар ұйымдастырылды. Шараға 1985 адам (еріктілер, эко-белсенділер, тұрғындар) қатысты. 13 арнайы техника жұмылдырылып, 31 тонна қоқыс шығарылды. Бір күнде облыс аумағындағы 19 өзеннің (Көксу, Қора, Шажа, Быжы, Қарсу, Қаратал, т.б.) айналасына сенбілік жұмыстары жасалып, арналары тазартылды.

Мәліметпен бөлісу: