Алматы облысының үздік үкіметтік емес ұйымдары марапатталды

Астана қаласында үкіметтік емес ұйымдарға сыйақыт абысталды. Арнайы құрылған сарапшылар тобы 15 аталым бойынша, 59 үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлестері үшін берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
Алматы облысында 388 үкіметтік емес ұйым бар. Олар қоғам өміріндегі ең маңызды мәселелерді шешуге белсенді түрде қатысады.

Ағымдағы жылы республикалық, салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін Алматы облысының 5 үкіметтік емес ұйымына 4,5 млн. теңге көлеміндегі сыйақы тағайындалған. Олардың қатарында облыстық байланыс қызметінің жеңімпаздары Наталья Белик, Райхан Сисекенова және Шолпан Сүттібаева бар.

Сыйлықты алған белсенді үкіметтік емес ұйымдар арасында «Алматы облыстық славян қозғалысы», «Алматы облыстық мүгедектер қоғамы», «Алпамыс» психофизикалық даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен ата-аналар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Еңбекшіқазақ ауданының қоғамдық қоры» және «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» бар.
«Алматы облыстық славян қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырумен айналысатын қоғамдық бірлестіктерге үлкен қолдау көрсетеді.
«Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту» атты 13-ші номинацияға өтініш білдірдік, бізге ұсынылған төрт ұйымнан 1125000 теңге көлемінде сыйақы берілді. Ендібіздеұйымдынығайтуғажәнедамытуға, іс-шаралардыөткізуге, қайырымдылыққажұмсауғақұқығымыз бар », — дейді Наталья Белик.
Айта кету керек, бір номинация бойынша берілген сыйақы бірнеше кандидатқа бөлінді.

Мәліметпен бөлісу: