Алакөлдік шекарашылар биіктен көрінді

Мамыр айы мерекеге толы айлардың бірі. Салауатты өмір салтын сақтауды өмірлік ұрынана айналдырған халқымыз қашанда атаулы күндерді жоспарлы түрде қоғамдық шаралармен атап өтуді бір ізге қойған. Әрине, олардың қатарында спорттық бұқаралық жұмыстар да бар.

 ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы Алакөл ауданы әкімшілігінің мұрындық болуымен ұйымдастырған мамыр айының мерекелеріне арналған футбол ойынына қатысты.

Кең көлемде ұйымдастырылған спорттық шараға оннан астам команда қатысты. Олар: «А.Байтұрсынұлы» — Үшарал қаласының А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің, «Алакөл» — Алакөл ауданының, «Тұран» — «Бескөл» спорт кешенінің, «Жайпақ» — Жайпақ ауылының, «Гарнизон» — Үшарал гарнизоны әскери қызметкершілерінің, «МСпорт» — Ынталы ауылы жастарының, «Тарлан» — «Тарлан» спорт кешенінің, «Өркен» — Үшарал қаласының, «Намыс» — 40398 әскери бөлімінің, «Шекара» — Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының, «Ақтүбек» — Ақтүбек ауылының, Бұлақты — «Бұлақты» ауылының құрама командалары.

Футболшы көптеген жақсы қасиеттерге ие болуы керек. Солардың қатарына, доп алып жүру, дәлдеп пас беру, қақпаға допты тура бағыттай білу дағдылары жатады. Сонымен қатар, бүкіл ойын бойы түсетін ауыртпашылыққа шыдай білуі тиіс. Футбол ойынының маңыздылығы сол ойыншылардың өз денесі мен допты игере білуі. Міне, сондықтанда әр  ойыншы жарыстарда жақсы жетістерге жету үшін өзінің дайындығына басты назар аударады.

«Бап шаба ма, бақ шаба ма?» демекші, тартысты доданың соңында үздіктердің үздігі ғана финалдық ойындарда бақтарын сынады. Сонымен жүлделі орындар келесідей бөлінді: І орын — «Шекара»,  ІІ орын — «Бескөл» командаларына бұйырса, ІІІ орынан — «Алакөл» футбол құрама командасына бұйырды.

Анық басымдықпен ойын көрсеткен футбол командаларын Алакөл ауданы «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының президенті Арнұр Нұрланұлы марапаттады.

Асығы алшысынан түскен Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Алакөл» құрама командасының жетекшісі — басқарманың жауынгерлік дайындық және әскерлерді қолдану бөлімінің консультанты майор Нұркен Дюйсенбаев. Бұл жолғы ойын да оның дайындықтағы төккен терінің босқа кетпегенін көрсетті. Теңбіл доптың сараға салған додада, шекарашылар тағыда биіктен көріне білді!

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: