10 басты бағыт бойынша жұмыс жүйеленбек

Мемелекет басшысы Алматы қаласындағы ғалымдармен кездесуі барысында ғылымның бүгінгі тыныс-тіршілігі мен келешегі, ғалымдарға көрсетілер көмектер жайында көптеген дүниелерге тоқталды. Соның ішінде ғалымдар жұмысында жолға қояр басты 10 бағытты атады. Олар: 1. Өмірдің барлық процесі мен саласын йифрландыру; 2. Баламалы энергия көздерін дамыту; 3. Жасыл экономиканы дамту; 4. Машина жасау; 5. Медицина, фармацевтика және биотехнология; 6. Агроөнеркәсіп кешені; 7. Транзиттік және логистикалық сектор; 8. «Ақылды» қалаларды дамыту; 9. Төтенше жағдайларды болжау және алдын алу; 10. Табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалану. Алдағы уақытта аталған бағыттар бойынша ғылыми жұмыстар өз қарқынын арттыра түспек. Бұл салалардың барлығы біздің күнделігі тұрмысымызды оңтайландыруға және жаһандық бәсекелестікте бәсіміздің жоғары болуына тікелей әсер етпек.

Тезекбай САДИЕВ, Алакөл ауданының Құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: