Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 17. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Әкенің сөзі – оқ…


Ұлт тәрбиесінде әкенің алар орны ерекше. Ықылым заманнан әке отбасының тірегі, асыраушысы, қорғаны, қамқоры болған. Білгенін ұлына, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, елін қорғайтын ер мен арын таптатпайтын қыз да сол әке тәрбиесінен шығады. Қазақта «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деп бекер айтпаса керек. Атадан мұра болып қалатын өнер, шеберлік, шешендік, даналықты бойыңа сіңіруде әкенің сөзінен бұрын ісіне мән беретініміз рас.

Халқымызда «Әкесі қой баға білмегеннің, баласы қозы баға білмейді», «Баласы жаман болса, әкесін түйе үстінен ит қабар» деген өмір көшімен ілесіп бізге жеткен, өз мәнін жоймай, тәрбиелік қуатын өз бойына жинақтаған ұлағатты сөздер көптеп кездеседі. Шыны керек, түрлі кезеңдерде бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі әр түрлі сипатта көрінеді. Әкенің шаңырағын ешкімге сатпаған, көздің қарашығындай сақтаған. Әкенің үйі – бұл қасиетті үй.
Биылдан бастап Әкелер күні аталып өтетін болды. Бұл да бір жақсы үрдіс. Түзде нәпақасын тауып, үйіне әкелетін әкелерді қанша ұлықтасақ та артық болмас. Біреудің құдай қосқан жары, біреудің асқар тауы, біреудің ақсақал атасы болып жүрген ер азаматтардың отбасы институтында атқарар рөлі орасан зор. Ақпараттану заманында қоқысқа толы ғаламторда әркім өзіне керегін ала алмай, адасып жатады. Өмірге енді етене араласатын балалардың бағыты да сол отбасына байланысты. Ал қазақта «Әкенің сөзі оқ» деген сөз бар. Яғни әкесінің айтқаны балаға көбірек әсер етеді. Оның мейірімі, тәрбиесі баласына әлдеқайда тез жетеді.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді халқымыз. Бүгінгі бала ертең-ақ өзі де әке болады. Ал оның ұлтын ойлайтын, қазақы дәстүрді жадынан шығармайтын ер азамат болуы үшін бүгіннен тәрбие берген абзал. Әкесінен көргенін, білгенін ұрпағына жеткізетін ер азаматтарымыздың аман болғаны еліміз үшін де маңызды. Себебі ұлттық ерекшелігімізді сақтап қалу, оны ары қарай мұртын бұзбай жеткізу ерге міндет.


А.САДИЕВ,
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov