Жетісу облысында жыл басынан 14 салықтық тексеріс жүргізілді


Жыл басынан 14 салықтық тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде 1 614 000 теңге есептеліп, оның 975 млн. теңгесі өндірілді. Бұл былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп.
Өңірде салықты төлеуден жалтарып жүргендердің саны 24 мыңға жуық. Оның 21 мыңнан астамы жеке тұлғалар болса, қалғаны кәсіпкерлер. Ең көбіне автокөліктер тізгіндеген жүргізушілер салықтан жалтарып жүр. Сондықтан Кірістер департаментінің мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шаралар жүргізіп жатыр. Өткен жылы осындай 16 рейдтік шара өткізілген.
«Көлік салығын төлеушілерге арналған kgd.gov.kz деген сайт бар. Оның ішіне кіріп барлық қажетті анықтамаларды енгізіп, қанша берешек екенін көруге болады. Сондай-ақ салықтарды kaspi.kz, halyk жәнек тағы басқа қосымшалар арқылы төлеуге болады», — деп түсіндірді Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Қазбек Мұхамбеталиев.

Мәліметпен бөлісу: