Жетісу облысы Алакөл жағалауында алғаш рет «ALAKOL FEST-2024» ауқымды шарасы өтті


Жазғы маусымның ең ыстық кезеңінде келушілердің бос уақытын тиімді өткізу, ішкі туризмді дамыту және облыстың туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында өңірдің інжу – маржаны – Алакөл көлінің жағалауында ашық аспан астында фестиваль ұйымдастырылды.

«ALAKOL FEST — 2024» көпшілік шарасын еліміздің үздік камеди-баддиі Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазин тізгіндеді. Сонымен қатар өлке тұрғындары мен қонақтарына арналған кеште біршама қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

«Осы сынды шараларды Алакөл көлінің жағалауында жылда ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Жергілікті турагенттердің мәліметінше кеш көзайымы болып 3 000 адам келді. Ал аумақтағы қонақ үйлерге барлығы 25 000-ға жуық адам жиналған.», — дейді шара ұйымдастырушысы Искаков Данияр Меделбекұлы.

Мәліметпен бөлісу: