Жаңа жоба: жазғы лагерь



Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы аясында өңірде «Студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы іске асырылмақ. Қаржыландыру көлемі 22 млн. теңге, ал оған қамтылатын жастар саны 200 адам.
Жобаның басты мақсаты – студенттер мен оқушылардың дамуына жан-жақты көмек көрсету, мәдени, ұлттық, рухани-адамгершілік құндылықтарға бағдарлау, сондай-ақ, студенттер мен оқушылар арасында көшбасшыларды анықтау және жазғы демалысты ұйымдастыру.
13-15 тамыз аралығында Алакөл ауданында, «Ұмтылыс Q» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымент жазғы лагерь шарасы өтеді. Мұнда оқушылар демалып қана қоймай, арнайы спикерлердің оқыту курстарына қатысып, білім алады. Жастар арасында қызығушылық, тәжірибе алмасу және белсенділік деңгейін арттыру, ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізіледі.

Мәліметпен бөлісу: