Ерлік орны – Жалаңашкөл…

Тарихқа тағзым


ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Жалаңашкөл» шекара бөлімшесінде «Жалаңашкөл оқиғасын» еске алуға арналған митинг ұйымдастырылды.
Шараның басы арнайы келген қонақтарға әскери ұжым дайындаған «1969 жылғы 13 тамызы — Кеңестік Социалистік Республикасы Шекара әскерлерінің ғана емес, ҚР Шекара қызметінің тарихындағы қаһармандық белес!» атты стелладағы көрмені тамашалаудан басталды.
Сардарлар мен қонақтар бастаған шекарашылар легі қаза тапқандарға арналған даңқ стелласына кезекпе-кезек гүл шоқтарын қойды. Жауынгерлердің рухына құрмет көрсетті.


«Шекара сақшысы болу — қасиетті мәртебе» атты реквием митингі есте мәңгілікке сақталған «Жалаңашкөл оқиғасы» жанжалы кезінде мемлекеттік шекараны күзету ісінде ажал құшқан шекара сақшыларын еске алуға арналған бір минуттық үнсіздік жариялаумен жалғасты.


Алғашқы сөз Жетісу облысы бойынша департамент бастығы полковник Марат Нарбаев берілді. Сонымен қатар, департамент басшысы өз құқығымен бір қатар әскери қызметшілерді «Шекараны күзеткені үшін» төсбелгісімен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

«Жалаңашкөл» шекара бөлімшесіне су жаңа теледидарды сыйға тартты.
Шара соңында бөлімше ғимаратында «Жалаңашкөл оқиғасына» арналған деректі фильм көрсетілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: