Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында атом энергетикасын дамытуға жіті назар аудару қажет екенін атап өтті. Жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, Қазақстан сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж екенін жеткізе келе, Президент АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтетінін жеткізді.
Жолдау ел экономикасын қайта құруға және экономикалық серпіліс жасауға бағытталған жүзден астам нақты тапсырманы қамтиды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше, өз жерімізде атом стансасын салуға әбден қақымыз бар» деп атап өтті. «Бізде инвестицияны былай қойғанда, таза атом энергиясы жоқ болса, экономикамызды құлдыратып аламыз, аймақтағы көшбасшылығымыздан айырыламыз. Сондықтан да бізге электр энергиясы, атомдық таза энергия қажет. Оның маңызын халыққа кәсіби тұрғыдан түсіндіру керек»,-деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
«Шегірткеден қорыққан егін екпес» дегендей, жарты ғасыр атом бомбасының сынағына айналған қазақ даласында ел игілігі үшін атом электр станциясы салынып, ол өндірісті өрге сүйреп, қазақ баласына қызмет етсе – одан артық не бар?!
Реактор өндірушілер уақыт өткен сайын бұрынғыларына қарағанда қауіпсіз жаңа типтегі реакторлар шығарып жатыр. Америка Құрама Штаттары мен атом электр стансалары бар басқа да әлеуетті елдер ядролық реакторларды дамытуға қолдауды арттырып, қосымша қаржылық ресурстарды жариялады.
Әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Қазіргі уақытта әр үйде заманның талабына сай, ғылым мен технологияның дамуына байланысты, күнделікті пайдаланып жүрген заттарымыз дерлік барлығы электр қуаттылығын пайдаланады. Біраз жылдар бұрын үйімізде кір жуатын машина мен тоңазытқыш қана тұратын, оған ас үйден бастап тұрмысқа қажетті машиналар қосылды. Халық санының көбеюіне байланысты, электр энергиясына қажеттілік туындап тұр.Қажеттілікті толық қамтамасыз ету үшін, көрші мемлекеттерден жоғарғы бағамен электр энергиясын сатып алып отырмыз, әрине электр энергиясының тарифі де өсіп тоқтамай тұр.
Басқа да баламалы энергия көздері көп, мысалы күн энергиясы, жел энергиясы табиғаттың өзгеруіне байланысты ол да энергия көздерімен бірқалыпты қамтамасыз ете алмайды.
Қазақстанда АЭС салу қажет пе деген сұраққа жауап беру үшін, аудан тұрғындарын 6 қазан күні өтетін жалпыұлттық референдумға шақырамын. Бір кісідей келіп референдумға қатысып, азматтық көзқарастарыңызды танытыңыздар
Жетісу облысы Қоғамдық кеңес мүшесі К.Ж.Бектемисова