Жастар – елдің қозғаушы күші, басты драйвері саналды. Сондықтан да ел болашағын уыстарында ұстаған жалын иелері еліміздегі жаңашылдықтарға үнемі жақын болуылары керек. Соның ішінде әрине АЭС салу мәселесі де тұр.
Атом энергиясының қауіп емес жаңа мүмкіндік екендігі насихаттау және мемлекет басшысының Жолдауын талқылау мақсатында Алакөл көпсалалы коллджінде «Адамзат болашағы – Жасыл энергия» атты акция ұйымдастырылды. Шараға колледж ұстаздары, білімгерлері мен ауданның белсенді жастары қатысты.
Сөз алған Алакөл көпсалалы колледжінің директоры Айнагүл Садиева жастардың мемлекеттік маңызды шешімдерді қабылдауға үлес қосуға, барынша белсенділік танытуға, өздерінің азаматтық позициясын көрсетіп, ел дамуына септесуге шақырды.
АЭС-ті қолдау бойынша халықтық штаб мүшесі, «Алакөл» аудандық газетінің бас редакторы Алмат Есенбеков: «Жастар елдің ертеңі, болашағы дегендер бос сөз. Біз мемлекеттің бүгініміз. Кемел келешектің көші бізден басталатынын ұмытпағанымыз жөн. Ұлттық мүддеге, ұлы даланың өркеүдеуіне бағытталған бағдарлы бастамаларды қолдауда «Сен тимесең мен тимеймін» деген позицияға ерік бермеуіміз керек. Соның бірі Аэс салу мәселесі. Бұл жоба еліміздің экономикалық тұрақтылығына, энергетикалық тәуелсіздігіне, білім мен ғылымның, медицинаның дамуына үлкен резонанс әкелері сөзсіз. Осындай қуатты мүмкіндіктен қол үзіп қалмаудың қамын бүгіннен қарастырайық»,- дей келе, алдағы реферндумның, АЭС құрылысының маңыздылығы жайында ақпарат берді.
Жастар жағы жаңа мүмкіндіктің шекпенінен ұстап, АЭС-тің ертеңімізге қажетті дүние екендігін тілге тиек етті.
Өз тілшіміз.